You are here

Жаңалықтар

13.09.2017 г.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ХҒС-тың жаңа экипажымен «Союз МС-06» ТБК сәтті ұшырылды

Бүгін, 2017 жылдың 13 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 03:17-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» зымыран тасығышпен «Союз МС-06» транспорттық басқарылатын кемесінің ұшырылуы сәтті өтті.

Атап кету жөн, «Союз» кемесі үшін бұл 133-ші басқарылатын ұшу.

Халықаралық ғарыш стансасына кезекті ұзақ мерзімді экспедициямен баратын экипажы бар «Союз МС-06» ТБК-нің ұшырымы «Байқоңыр» ғарыш айлағының «Гагарин стартынан» (№ 1 алаңы) жүзеге асырылды және штаттық режимде өтті.

Экипаждың құрамына Роскосмостың ғарышкері Александр Мисуркин (ТБК командирі), «NASA» астронавттары Марк Ванде Хай (бортинженер) мен Джозеф Акаба (бортинженер) кіреді.

«Союз МС-06» ТБК-нің ұшырымы ХҒС-тың ұшу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Ұшудың жоспарланып отырған ұзақтығы 167 тәулікті құрайды.

Экспедицияның мақсаттарына ресейлік пен американдық жүк кемелермен жұмыс істеу, кемеден тыс қызметі бойынша жұмыс атқару (ашық ғарышқа шығу), стансаның жұмыс қабілеттілігін сақтау, фото- және бейне түсірілімдерді жүргізу, сондай-ақ ғылыми-қолданбалы зерттеулерді (барлығы 56 ғылыми тәжірибе) орындау кіреді.

Атап кету жөн, жақын арада адамзаттың ғарыштық дәуірінің басталуын белгілеген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан дүние жүзіндегі ең тұңғыш Жердің жасанды серігінің ұшырылғанына (1957 жылдың 4 қазанда) 60 жыл толады.  

Осы айтулы күннің қарсаңында, Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш) төрағасының орынбасары Ғалымжан Данбаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының, сондай-ақ бүкіл отандық ғарыш қызметінің Қазақстан үшін жоғары маңыздылығын туралы айтып берді. 

«Озық технологиялардың дамуы, цифровизация, киберқауіпсіздік, жаңа индустриялардың құрылуы секілді Елбасы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» Жолдауында айтқан мәселелер қазақстандық ғарыштық қызметінің дамуымен тығыз байланысты»,- атап өтті Ғ. Данбаев.

Сонымен қатар ол ҚР ҚАӨМ Қазғарыштың қызметі туралы баяндап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың ағымдағы жағдайына тоқтап өтті.

Қазіргі таңда, еліміздегі құрастырылған заманауи ғарыштық инфрақұрылым салалық экономиканың ғарыштық жүйелердің өнімдері мен қызметтеріне деген қажеттіліліктерін қанағаттандыру үшін пайдалануда.

Мәселен, ғарыштық аппараттардың екі орбиталды топтамасы жасалды және іске қосылды: «Kazsat-2» мен «Kazsat -3» байланыстың екі ғарыш аппараттан тұратын топтамасы және «KazEOSat-1» мен «KazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) екі ғарыш аппараттан тұратын топтамасы. Олар еліміздің спутниктік байланыс каналдарына және ЖҚЗ деректеріне деген сұранысын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздігін мен қызметтер импортының төмендетілуін қамтамасыз етеді.

Жер үсті ғарыштық инфрақұрылымның объектілері іске қосылды – «Kazsat» ғарыш байланыс жүйесінің жер үсті кешендері, ЖҚЗ ғарыштық жүйесінің жер үсті кешендері және Дәлдігі жоғары спутниктік навигацияның жер үсті кешені.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңында Ұлттық ғарыш орталығы (Астана қ.) аумағында тәжірибелік өндірісі бар Арнайы құрастыру-технологиялық бюросының іске қосылуы жоспарлануда, ал 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына Қазақстанда жасалған құрамдас бөлшектерді ғарыштық ұшу жағдайында тексеру үшін Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесінің екі серігін ұшыру жоспарланып отыр.  

Сонымен қатар Ғ.Данбаев «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені (ҒЗК) жобасының жүзеге асырылуы туралы айтып берді.

«Бәйтерек» жобасы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобасы болып, Қазақстан үшін стратегиялық маңыздылығына ие: ол «Байқоңыр» ғарыш айлағының сақталуын және бұдан арғы дамуын қамтамасыз ету тиіс. Жоба «Зенит-М» ҒЗК жер үсті ғарыштық инфрақұрылым объектілердің негізінде жүзеге асырылатын болады

Жоба бойынша 2018 жылы ҚР ҚАӨМ АК-нің «Бәйтерек» БК» АҚ-ы «Зенит-М» ҒЗК-ні эксплуатацияға алады.

««Бәйтерек» жобаның аясында ресейлік жағы орта классты жаңа зымыранды құрастыруға тиіс, ал қазақстандық жағы жаңа зымыран кешен үшін жер үсті инфрақұрылымды дайындауға міндетті», - деді Ғ. Данбаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Байқоңыр» кешені бойынша ресейлік-қазақстандық Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырыстың жұмыс қорытындылары бойынша «Бәйтерек» ҒЗК-ні салуды тездету және одан жаңа зымыранды ұшыру мерзімін 2025-жылдан 2022-жылға ауыстыру шешілді. Басқарылатын ұшырымдарды жүзеге асыру мүмкіндігі де қарастырылуда.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Серік Қожаниязовтың және Байқоңыр қала әкімшілігі басшысы Константин Бусыгиннің сұхбаттары ұйымдастырылды.

С. Қожаниязов өз сөзінде «Байқоңыр» кешеннің үлкен даму потенциалы бар екендігін атап өтті.

«Қазақстан өз ғарыш айлағы, спутниктер, ғарышкерлер бар ғарыш державаға айналды. Біз қазір «Байқоңырдың» мүмкіндіктерін тек ғарыш жағынан ғана емес, оның әскери-өндірістік потенциалын де қарастырудамыз. Мысалы, мемлекеттік қорғаныс тапсырыс үшін тігін өндірістің дамуы», - деді ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі.

Байқоңыр қала әкімшілігінің басшысы К.Бусыгин жан-жақты қазақстандық-ресейлік қатынастар туралы айта тұра, Ресей мен Қазақстанның кешендегі бірлескен жемісті жұмысын ерекше атап өтті.

Қазіргі таңда, қала инфрақұрылымын жақсарту, газ өткізу, жаңа үйлерді салу, шағын және орта бизнесті дамыту, қалада жаңа жұмыс орындарын құру секілді мәселелер шешілуде.

«Байқоңыр қаланы дамыту перспективалары бойынша бізде қазақстандық жағымен толықтай түсіністік», - деді К. Бусыгин.

https://www.facebook.com/Roscosmos/videos/1972666819654662/?hc_ref=ARRUj...


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы