You are here

Жаңалықтар

13.09.2017 г.

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі менелдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ағымдағы жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ҚАӨМ) мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарымен ақпараттық қауіпсіздік, ғарыш қызметі және тәжірибелік өнеркәсіптік кешен саласында бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүзеге асыру саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар қол жеткізілген келісім шеңберінде Алматы энергетика және байланыс университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері ҚАӨМ басшылығындағы немесе қол асындағы ұйым алаңында өндірістік тәжірибеден өте алады.

Аталған өзара қатынас жаңа салаларды,яғни электрондық өнеркәсіп, ақпараттық қауіпсіздікқалыптастыру кезінде, қажет екенін айта кеткен жөн


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы