Стратегиялық жоспарлау департаменті директоры

  КЕҢЕСОВ НҰРЛАН МАРАТҰЛЫ

  1983 жылы 29 мамырда дүниеге келген. 2005-2007 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін көлікті ұйымдастыру және басқару жөніндегі инженер және менеджмент мамандықтары бойынша оқуды аяқтады. 2009 жылы Imperial College London (Ұлыбритания, «Болашак» бағдарламасы бойынша) көлік саласындағы ғылым магистрін және 2015 жылыҚазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебініңәлеуметтік білім– саясаттану магистрі оқуын  аяқтады.

  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаменті сарапшысынан бастап директор орынбасарына дейін мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтті. 

  Нұр Отан партиясының орталық аппарат комитетінің төраға орынбасары және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

  2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болып тағайындалды.

  Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

 

 

  Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары

  ВАЛЕЕВ ТАЛҒАТ РАЙЫСҰЛЫ 1986 жылы дүниеге келген,

  Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

  ҚР ҚК Аэроұшқыр мерзімді әскери қызметін өтті.

  Шахтинск қаласы әкімшілігінде қызметін бастаған.

  Бұдан әрі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қызмет атқарып, Қарағанды облысының әкімі аппаратына қызметіне өткен, өнеркәсіпті,  кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар тарту мәселелеріне  жетекшілік еткен.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы