Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

Заң департаменті туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2.  Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрықтарымен  бекітіледі.

4. Департаменттің құрылымы мынадай:

1) Нормативтік құқықтық актілер басқармасы;

2) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы.

2. Департаменттің  негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Міндеті: Министрліктің норма шығару қызметiн жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Министрлік әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;

2) Министрлікпен және басқа да мемлекеттік органдармен әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заңнамалық сараптама жүргізу;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Министрлікте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіру;

4) нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг мәселелері бойынша талдамалық ақпараттар әзірлеу, басшылыққа енгізу;

5) жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Сараптамалық кеңестің қызметін ұйымдастыру;

6) мемлекеттік органға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастыру;

7) тиісті заң жобаларын ағымдағы Үкіметтің заң жобалау жұмысының жоспарына енгізу бойынша ұсыныстар дайындау және іс-шараларды жүргізу;

8) министрдің тапсырмасы бойынша жеке қолданыстағы заңнамалық сипаттағы өзге де құжаттарды әзірлеу;

9) өзге де функциялар.

  1. Міндеті: нормативтік құқықтық актілерінің сараптама жүргізу.

Функциялар:

  1. нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

2) Министрліктің норма шығармашылық қызметiн талдайды және талдау нәтижелерi бойынша Министрліктің жауапты хатшысына оны жетiлдiру және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

3) Министрліктің басшылығы үшін ведомствоаралық комиссияның әр отырысына заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі материалдар дайындайды;

4) әзірлеушісі Министрлік болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуіне қатысады;

5) департамент құзыреті шегінде басшылықтың қатысуымен өткізілетін отырыстарға, кеңестерге материалдар дайындайды;

6) Министрліктің қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Министрліктің мүдделерін білдіру;

7) өзге де функциялар.

7. Міндеті: Министрліктің қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.

Функциялар:

1) Министрліктің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

2) Министрліктің басшыларына қол қоюға берілетін құжаттардың, Министрлікпен және басқа да мемлекеттік органдармен әзірленетін нормативтік құқықтық және өзге де құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру;

3) Министрліктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру; 

4) шарттарды уақытылы жасасуды, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, Министрлікте жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

6) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Министрліктің құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсiнiктеме дайындайды;

7) өзге де функциялар.

  1. Міндеті: наразылық талап қою жұмысы.

Функциялар:

  1. сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Министрліктің қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Министрліктің мүдделерін білдіру;
  2. тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Министрліктің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
  3. заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Министрліктің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну;
  4. заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік органның қызметін құқықтық қамтамасыз етуді бағалау шеңберінде наразылық талап қою жұмысы бойынша ақпарат және жылдың қорытындылары бойынша «Мемлекеттік орган қызметін құқықтық қамтамасыз ету» бағыты бойынша Әділет министрлігіне жиынтық есептік ақпаратты дайындайды;

6) өзге де функциялар.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

  1. өз міндеттерін орындауы үшін қажетті, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен ақпараттар мен материалдар сұрату;
  2. Министрліктің Жауапты хатшысының келісімімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және құқық мәселелері жөніндегі Министрліктің құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі іс-шараларды және Министрліктегі құқықтық жалпы оқытуды іске асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін тартуға;
  3. егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда нормативтік құқықтық актілердің және басқа да құжаттардың жобаларына виза қоюдан бас тартуға;

4) Министрліктегі және оның ведомстволарындағы құқықтық жұмыстың жағдайын және заңдылықтың сақталуын тексеруге;

5) Министрліктің құзыретіне және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Міндеттері:

1)   Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды уақытылы және сапалы орындауға;

2)   Министрлік Регламентінің нормалары мен құжаттама жасаудың ережесін және Министрлікте құжаттаманы басқарудың бұзулуына жол бермеуге;

3)   Қазақстан Республикасының заңнамасындағы  белгіленген Департаменттің құзыретіне  кіретін  өтініштерді, жеке және заңды тұлғалардың мәселелері бойынша арыздар мен шағымдарды  қарауға;

4) Министрліктің құзыретіне кіретін басқалай міндетті Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін жүргізу

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

  1. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттікті иеленеді.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.
  3. Министрліктің бекітілген құрылымына сәйкес директордың бір орынбасары болады.
  4. Директор Департаменттің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.
  5. Департамент директоры Миинистрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  6. Осы мақсаттарда Департаменттің директоры:
  1. Департаменттің құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
  2. Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департаменттің директоры болмаған кезеңде Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапкершілікте болады;

3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департаменттің директоры немесе оның орынбасары қол қояды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
test - 54.156.92.243