You are here

Ереже

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті
туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) орталық аппараттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрықтарымен  бекітіледі.

4. Департаменттің құрылымы мынадай:

1) Әскери-техникалық ынтымақтастық басқарамасы;

2) Хаттама және көпжақты ынтымақтастық басқармасы.

2. Департаменттің  негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. Мақсаты: Министрлік реттейтін салаларда екіжақты халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Функциялар:

1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделері мен халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қалыптастыру;

2) Министрлік реттейтін мәселелер бойынша шет мемлекеттердегі уәкілетті органдармен, ұйымдармен екіжақты ынтымақтастықты (Министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп) жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосы мен шетелдік мекемесімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен Министрлік реттейтін салаларда екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара әрекеттесу;

4) Министрлік реттейтін салаларда екіжақты ынтымақтастық мәселелері ынтымақтастық мәселелері бойынша Министрлік басшылығының (Министрдің, Жауапты хатшының, вице-министрлердің) қатысуымен анықтамалық-ақпараттық материалдарды дайындау;

5) екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру саласында халықаралық шарт-құқықтық базасын іске асыру және дамыту бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

6) салалық құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп өз құзыреті шегінде екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер және негіздемелік сипаттағы өзге де құжаттар жобаларын әзірлеу;

7) халықаралық екіжақты ынтымақтастық тәжірибесі туралы ақпаратты талдау, жалпылау және жүйелеу, оны бағалау және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мүддесінде халықаралық екіжақты ынтымақтастық тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

8) Министрлікке бекітілген үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігін жүргізу, және Қазақстандық бөлігін жүргізу Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына бекітілген үкіметаралық комиссиялар шеңберінде Министрліктің жұмысын үйлестіру;

6. Мақсаты: Министрлік реттейтін салаларда көпжақты халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Функциялар:

1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделері мен халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қалыптастыру;

2) Министрлік реттейтін мәселелер бойынша халықаралық, аймақтық және үкіметаралық ұйымдардың атқарушы органдармен көпжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосы мен шетелдік мекемесімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және іскерлік топтармен Министрлік реттейтін салаларда көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара әрекеттесу;

4) Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және аса маңызды салалық мәселелерді санамағанда, Министрлікпен реттелетін көпжақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер бойынша Министрлік басшылығының (Министрдің, Жауапты хатшының, вице-министрлердің) қатысуымен халықаралық іс-шараларға анықтамалық-ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындау;

5) Министрдің қатысуымен Қазақстан Республикасының аумағында өтетін халықаралық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелерге олардың тиісті сұрау болған жағдайда халықаралық іс-шараларды өткізуге консультативті қолғабыс көрсету;

6) 005 «Шетелдік сапарлар» және 006 «Өкілдік шығындар» Іс-шаралар жоспары бюджеттік бағдарламаларды үйлестіру, сондай-ақ аталған бюджеттік бағдарламаларды мониторингтеу;

7) Министрліктің құрылымдық бөлімшелердің көпжақты халықаралық келісім-шарттық құқықтық базасын іске асыру және дамыту бойынша қызметін үйлестіру;

8) Министрлік басшылығының және қызметкерлерінің шетелдік сапарларын жоспарлауын қалыптастыру;

9) өз құзыреті шегінде көпжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер және негіздемелік сипаттағы өзге де құжаттар жобаларын әзірлеу;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

  1. Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарында Министрлікке өкілдік етуге;
  2. Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ халықаралық, өңірлік және үкіметаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізуге;
  3. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, оған бағынысты мекемелерден, салалық ұйымдардан және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан Департаментке жүктелген тапсырмаларды орындау үшін халықаралық іс-шаралар мен шетелдік іссапарлардың қорытындылары бойынша қорытынды және ұсыныстар, оның ішінде есептер мен хаттамалар және басқа да ақпараттар бойынша қажетті сапалы ақпаратты сұратуға және алуға;
  4. халықаралық сипаттағы нормативтік құқықтық актілер мен басқа құжаттардың жобаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес болмаған және дәлелденген негіз бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қауіп төндіретін жағдайда келісуден бас тартуға;
  5. халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері сапасыз әзірленген және негізсіз ұсытанымдарға қатысты мәселелерді Министрліктің басшылығына қарастыруға енгізуге;
  6. халықаралық іс-шараларға белгіленген тәртіппен қатысуға;
  7. Министрлік басшылығының келісуімен Департаментке жүктелген тапсырмаларға сәйкес жүргізілетін халықаралық шарттарды ұйымдастыру мен өткізуге Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және оған бағынысты ведомстволық ұйымдарының өкілдерін тартуға;
  8. Министрліктің құзыреті шегінде Департаментке жүктелген мақсаттар мен функцияларды іске асыру үшін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Міндеттері:

  1. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық іс-шараларға Министрліктің басшылығына (Министрге, Жауапты хатшыға, вице-министрлерге) жоғары тұрған және басқа мемлекеттік органдар өткізетін жиналыстарға анықтамалық-ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындауды жүзеге асыру;
  2. Министрліктің басшылығының (Министрдің, Жауапты хатшының, вице-министрлердің) Департаментпен ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларын қамтамасыз ету үшін өз құзыреті шегінде анықтамалық-ақпараттық және талдамалық материалдарды, соның ішінде бағдарламалар, тезистер және баяндамалар сұратуды, жинауды және дайындауды, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар өткізу мен шетелдік делегаттарды қабылдау шеңберінде консулдық және өзге де ұйымдастыру-хаттамалық мәселелерді шешуді жүзеге асыру;
  3. Министрліктің құзыреті шегінде Департаментке жүктелген мақсаттар мен функцияларды іске асыру үшін өзге де міндеттерді атқару.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

8. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттікті иеленеді.

9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

10. Министрліктің бекітілген құрылымына сәйкес директордың бір орынбасары болады.

11. Директор Департаменттің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.

12 Департамент директоры Миинистрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

13. Осы мақсаттарда Департаменттің директоры:

  1. Департаменттің құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
  2. Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департаменттің директоры болмаған кезеңде Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапкершілікте болады;

  1. 3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

          15. Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департаменттің директоры немесе оның орынбасары қол қояды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
test - 54.156.92.243