You are here

Қызметі

Міндеті

    Бәсекеге қабілетті қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және де ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін енгізу арқылы  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Көзқарасы

    Заманауи әлемдік үрдістердің дәрежесіне сай қорғаныс, аэроғарыш және электронды өнеркәсіптің ғылыми-техникалық өркендеген кешені.

Функциясы

1)    реттелетін  салалардағы отандық кәсіпорындардың ғылыми техникалық әлеуетін зерттеп, талдау және олардың дамуын болжау.

2)    қорғаныс, аэроғарыш және электронды өнеркәсіп және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық дамудың әлемдік  үрдісін зерттеу және талдау.

3)  реттелетін салалардағы ғылым мен технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу және ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық  ілгерілеу мен ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысының мүддесінде  насихаттау.

4)    реттелетін салалардағы ғылыми-технологиялық дамудың аса перспективалық және эффективті бағыттарын анықтау.

5)   реттелетін салалардағы ғылыми кадрларды дайындауда,  ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациалық инфрақұрылым мен кәсіпкерліктің дамуы бойынша жәрдем көрсету.

6)   Министрліктің ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне деген сұранысты арттырудағы өзге мемлекеттік органдармен, білім және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру.

7)    реттелетін салалардың мәселелері бойынша  шет елдермен және халықаралық ұйымдармен ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың дамыуына жәрдем көрсету.

8)    реттелетін салалардағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық шараларды жүзеге асыруда жалпы басшылық ету.

9)    өз құзыреттілігі шегінде ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына ұсыныстар енгізу.

10)  өз құзыреттілігі шегінде реттелетін салалардағы ғылыми- техникалық зерттемелер саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындау жұмыстарын жүзеге асыру.

Дата: 
Дүйсенбі, 13 наурыз, 2017

2018-2020 жылдарға арналған ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі - сәйкесінше Министрік, Комитет) 2018-2020 жылдарға арналған ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсын өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурс ғылым дамуының «Ақпараттық, телекоммуникациялық  және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер» басымдығы және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша жүргізіледі.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінім дайындау мәселелері бойынша жауапты тұлға - бас сарапшы А.Ж. Кершин, тел. 8-(7172) 74-24-86; 74-25-83, электрондық пошта арқылы сұрақтар үшін: nauka04@yandex.ru.

Конкурстық құжаттама Министрлік пен Комитеттің сайттарында  орналастырылған: www.mdai.gov.kz, www.kazcosmos.gov.kz (Басты бет → Қызмет → Техникалық реттеу).

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ-ның ақпараттық орталығымен жұмыс істеу бойынша Call-орталық: 8-727-355-50-01 (ішкі 217,218, 219, 221, 224, 226, 236).

Конкурстық өтінімдер тікелей немесе курьерлік қызметпен алынған туралы ескертумен келесі адреске жеткізіледі: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, 349 каб., тел. 74-24-73, 74-27-15, ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі конкурсты жариялаған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен соң аяқталалды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуге конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды

Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың мынадай басым бағыты бойынша жүргізіледі:

–        ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫС

1.     «Қорғаныс өнеркәсібін, қару-жарақ және әскери техниканы, әскери және ғарыш технологиясын дамыту»;

2.     «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету».

Жауапты адам ҚР ҚАӨМ Ғылыми-технологиялық даму департаментінің Жобаларды іске асыру және мониторингілеу басқармасының басшысы Саленов Дастан Қизатұлы. (тел. 74-94-28).

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру бойынша және өтінімді дайындау мәселелері жөніндегі консультацияларды мынадай телефондар: (8-7172)         74-94-28, 74-39-23 ҚР ҚАӨМ Ғылыми-технологиялық даму департаментінде, сонымен қатар өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (is.ncste.kz) ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center:    8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 222, 223, 224, 226, 227, 228, 232, 233, 231, 236) арқылы алуға болады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес жасалған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конвертте (оның беткі жағының тиісті орнында мы-налар көрсетіледі: жөнелтушінің мекенжайы, заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә., конкурстың аты, ғылымды дамыту басымдылығы және ғылыми зерттеулер бағыты) пошта арқылы: 010000 Астана қ., Есіл ауданы, «Мәңгілік Ел» к-сі, 8, № 2 кіреберіс, 213-кабинет, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  министрлігінің кеңсесі мекен-жайы бойынша алынғаны туралы хабарламамен ұсынылады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-14:30-ға дейін.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн аяқталған соң болады. Конкурстық құжаттаманы мынадай мекенжайдан жүктеп алуға болады: www.mdai.gov.kz

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы